Маңғыстауда бағалы шаянды сатпақ болған адам ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+8 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Маңғыстауда бағалы шаянды  сатпақ болған адам ұсталды

Маңғыстауда бағалы шаянды сатпақ болған адам ұсталды

Маңғыстаулық шекарашылар табиғатта өте сирек кездесетін «Артемия салина» шаянын заңсыз тасымалдаушылардың жолын кесті. Контрабандашы оны Бейнеудегі шекара бекетінен алып өтпек болған.

  • 26 Қыркүйек 2015
  • 573
Фото - Caravan.kz

-Мына жерде шекара барын білдіңіз бе?

— Білдім.

— Неге сіз қатты келдіңіз?

— Тоқтай алмай қалдым.

— Неге сіз қатты келе жатырсыз. Қайдан келе жатырсыз?

— Қарақалпақстаннан. Қуды артымнан.

Өзбекстан азаматы шаянды тіркемелі жүк көлігіне тиеген. 600 қапқа салынған жәндіктің жалпы салмағы 21 тоннаны құрайды. Бұл өнімді контрабандашы Бейнеу кентіне жеткізуі керек екен. Оның қара нарықтағы бағасы 183 миллион теңгеден асады. Жалпы «Артемия салина» — тұзды көлдерді мекен ететін шаян. Ол бекіре балығын жемдеуге таптырмайтын азық. Сондай-ақ қытайлар оны жасартатын косметика жасауға қолданады. Олар тіпті кептірілген шаянның әрбір келісіне 100 доллар төлеуге дайын. Енді Өзбекстан азаматы осынша құнды әрі сирек кездесетін жәндікті аулап, тасымалдағанымен қоймай елдің шекарасын кескені үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылмақ.