Өскеменде бір түнде бес көлік өртенді - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өскеменде бір түнде бес көлік өртенді

Өскеменде бір түнде бес көлік өртенді

27-сінен 28 қыркүйекке қараған түні Өскеменнің екі ауданында көліктер отқа оранған. Мамандардың айтуынша, көліктерді өртеп жіберген, деп хабарлады YK-avto.kz.

  • 28 Қыркүйек 2015
  • 409
Фото - Caravan.kz

Құтқарушылардың ақпаратынша, оқиғалардың бірі Космическая көшесіндегі аулалардың бірінде орын алды. Мұнда «Шкода Йети» автомобилі отқа оранды. Жалын оның жанындағы  «ВАЗ 2115» көшті. Өрт сөндірушілер келгенге дейін екі көлікке де біраз зақым келтірілді.

«Бұл түні Ворошилов көшесінде тұрған «Москвич 424», «ВАЗ 21099» және «Лада Гранта» көліктері де өртенді» — деді Өскемен ТЖБ. — Жалын шарпыған аумақтың жалпы көлемі тоғыз шаршы метрді құрады».

Тергеушілер көліктерді қасақана өртеген деп болжауда.