Британия әскерін Судан мен Сомалиге аттандырмақ - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Британия әскерін Судан мен Сомалиге аттандырмақ

Британия әскерін Судан мен Сомалиге аттандырмақ

Британия өзінің 300 астам әскери қызметшісін Оңтүстік Судан мен Сомалиге ондағы халықаралық бейбітшілік шараларын қолдау үшін аттандырмақ,

  • 28 Қыркүйек 2015
  • 302
Фото - Caravan.kz

деп хабарлады «ВВС» агенттігі. 

Әскерилердің басым бөлігі Оңтүстік Суданға барып, онда БҰҰ миссиясы қызметкерлерінің әскери дайындығымен шұғылданады. Инженерлік жұмыстар бойынша кеңес береді.

Шамамен 70 адам Африкалық одақ күштеріне медициналық және логистикалық қолдау көрсету үшін Сомалиге жіберіледі.


Британия премьер-министрі Дэвид Кэмерон терроризммен күрестегі бұл қадам миграцияның қысқаруына септесетінін айтты.