Осы ақшаны Мұрат Оспанов 13 қазанға дейін тауып үлгеруі тиіс. 11 жыл түрмеде отыру жазасынан құтылған шенеунікке наурыз айында 1 миллиард 101 миллион теңге айыппұл салынған болатын. Үкімге сай, сотталушыға бұл миллиардтты өтеуге 6 ай мерзім берілді. Ағайын-туысы көк тиынымыз жоқ деп сол кезде жылағанымен, Оспанов берешегінің біраз бөлігін қайтарған екен. Табиғи монополияларды реттеу агенттінің экс-төрағасы енді қалған 250 миллион теңгені табуға жанталасып жатыр. Өмір-бақи билікке оралуға тыйым салынған Оспанов «электр энергиясының құнын көтеру үшін «Атырау жарық» компаниясынан 300 мың доллар пара алған.