Ақтөбеде шенеуніктердің сауатсыздығынан тұрғындар жайылымсыз қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+8 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбеде шенеуніктердің сауатсыздығынан тұрғындар жайылымсыз қалды

Ақтөбеде шенеуніктердің сауатсыздығынан тұрғындар жайылымсыз қалды

Ақтөбе облысында мал жаятын жайылым қалмаған. Шаруалар қуаңшылыққа қарамастан егін салып, ақыры топырақты тоздырып бітіпті. Енді жұрт дақыл еге алмай, не мал ұстай алмай отыр. Ал суармалы жайылымды қолға алуға қауқарсыз. Себебі жергілікті шенеуніктер мемлекет тарапынан оған ақша бөліп, қолдау көрсететінін түсіндіріп айтпаған.

  • 30 Қыркүйек 2015
  • 313
Фото - Caravan.kz

Гүлнар Әмірова төрт түліктің жағдайын ер азаматтан кем білмейді. Таңның атысынан қожалықтағы бір отар қойды жолдасымен кезектесіп бағады. Қазір жайылым көлемі тарылып, топырақ тозған. Сондықтан ұсақ малдың өзін ауылдан 30 шақырым аулаққа апаруға мәжбүр.

Гүлнар Әмірова, Ақтөбе облысының тұрғыны:  

-Бұрын бұл жерде егіс болған мына талдан бері қарай. Керім жер болған. Не керек қазір күннің, ауа райы ма дым жерде шөп жоқ. Құнарсыз. Мал ұстау өте қиын. Шөпті алыстан сатып аламыз.

Қуаңшылық кесірінен Ақтөбе аймағына егін егу тиімсіз. Бірақ шаруалар үйренген кәсіптерінен бас тартқысы жоқ. Түк шықпаса да, жерді жырта-жырта тоз-тозын шығарған. Енді оған мал ұстауға да келмейді. Шөп шығу үшін қайта баптау керек.

-Шөп құнарын жоймау үшін жайылымды жылына кем деген бір рет суару керек екен. Ол үшін арнайы мемлекеттік бағдарлама да қарастырылған. Ақтөбе облысынан басқа еліміздегі барлық аймақтар оның пайдасын көріпті.

Ал жергілікті әкімдік тарапынан мемлекеттік бағдарламаға қатысты бір де бір құжат әзірленбеген. Ауыл шаруашылығы министрлігіндегілердің өздері қазынадан бөлінген ақшадан бас тартқан ақтөбелік атқамінерлердің қылығына аң-таң.


Ислам Әбішев, ҚР АШМ Су ресустарын басқару комитетінің төрағасы:

-Жайылымды суару кеңес одағы кезенінен тиімді екенін дәлелдеді. Бірақ бұл үрдістен неліктен осы уақытқа дейін бас тартып отырғанын түсінбеймін.

Аймақтағы ауыл шаруашылығы саласына жауаптылар болса енді ғана қозғалып жатыр. Облыстағы жайылымды қалпына келтіру үшін олар ел қазынасынан 600 миллион теңге сұрамақшы.