Орал әуежайы 15 қазаннан ұшақтарды қабылдай бастамақ - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Орал әуежайы 15 қазаннан ұшақтарды қабылдай бастамақ

Орал әуежайы 15 қазаннан ұшақтарды қабылдай бастамақ

Орал халықаралық әуежайындағы ұшу-қону жолағын күрделі жөндеу жұмыстары толық аяқтала келді.

  • 30 Қыркүйек 2015
  • 388
Фото - Caravan.kz

«Қазақавтожол» ұлттық компаниясы» АҚ БҚО филиалы директорының орынбасары Ерлан Қажымовтың мәлімдегеніндей, құны 6,3 млрд. теңгеге бағаланған жоба бойынша қайта құру жұмыстары өткен жылы басталған болатын. 2014 жылы алғашқы кезеңде 3,8 млрд. теңгенің жұмысы атқарылса, биыл 2,5 млрд. теңге игерілді. Биыл 1 қыркүйектен осы жұмыстарға байланысты Орал әуежайында ұшақтардың ұшып-қонуы  тоқтатылған еді. Қазіргі кезде ұшу-қону жолағы толықтай салынып бітті. Енді навигациялық жүйені орнату, жарық-белгі жабдықтарын, трансформаторлық стансаны қондыру ғана қалып тұр. 15 қазанға дейін осы шаруалар түгелдей тиянақталып, сосын әуежай қатынасы қайта жанданбақ.


Айта кетейік, Орал әуежайының жабылуына байланысты батысқазақстандықтар қазіргі таңда Ақтөбе мен Атырау арқылы қатынауға мәжбүр болып отыр.