Тоқалға таласқан Жамалиевке сот жазасын жеңілдетуден бас тартты - kaz.caravan.kz
  • $ 486.65
  • 524.46
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тоқалға таласқан Жамалиевке сот жазасын жеңілдетуден бас тартты

Тоқалға таласқан Жамалиевке сот жазасын жеңілдетуден бас тартты

Жамалиевтің жазасы жеңілдемейді! Астана соты кәсіпкердің қылмыстық істі қайта қарау туралы өтінішін кері қайтарып, үкімді өзгеріссіз қалдырды.

  • 1 Қазан 2015
  • 286
Фото - Caravan.kz

Тоқалға таласып бүкіл елге танылған Қайрат Жамалиев 13 жылға сотталған болатын. Ол жазасын қатаң режимдегі колонияда өтеп жатыр. Және бар мүлкі тәркіленген. Ал, оның екі қолшоқпарының бірі 12, екіншісі 8 жылға абақтыға қамалды. Атышулы  астаналық кәсіпкердің ерке тоқалынан басталғаны есте. Келіншек жас жігітпен көңіл қосқан. Мұны көтере алмаған Жамалиев жандайшаптарымен жабылып Әлібиді өлімші етіп сабапты. 45 жастағы кәсіпкерге енді өтініш жазатын соңғы инстанция – Жоғарғы сот қана қалды.