БҚО-да қоғамдық орында мылтық атқан ер адам сотталды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
БҚО-да қоғамдық орында мылтық атқан ер адам сотталды

БҚО-да қоғамдық орында мылтық атқан ер адам сотталды

Бөрлі аудандық соты И.Нұрланға қатысты қылмыстық іске нүкте қойды.

  • 1 Қазан 2015
  • 465
Фото - Caravan.kz

БҚО сотының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, сөзге келу барысында жас жігіт Ақсай қаласындағы «Бестау» қонақүй кешенінің кіреберіс есігіне «Тигр» ныспылы карабинінен екі рет оқ атып, бой тасалаған.

Басты сот талқысында сотталушы өз кінәсін толық мойындады. Материалдық шығын толық өндірілгендіктен, іс бойынша азаматтық талапарыз түскен жоқ.

ҚР ҚК 293-бабы 3-бөлімі 2-тармағы (бұзақылық) бойынша И. айыпты деп танылып, оның 3 жыл 6 айға бас бостандығы шектелді.


Үкім заңды күшіне енген жоқ.