«Азбука жилья» компаниясының нысандары бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ол мәселемен Ішкі істер министрлігі айналысуда. Тұрғын үй сатумен айналысқан тұлғаларға қатысты тергеу жүргізілуде. Аудит белгіленді. Меніңше, алдын ала қорытындыларын бір-екі айда анықталады», — деді С.Хорошун.
Оның айтуынша, бұл мәселе әкімдіктің жіті бақылауында. Нысандарды салып бітіру бойынша шаралар жоспары жасалуда. «Азбука жилья» мен нысандарға өз ақшаларын салған инвесторлар арасындағы азаматтық-құқықтық мәселелер айқындалуда. Инвесторлардың қалауы бойынша құрылысты аяқтауға басқарушы компаниялар тартылуы мүмкін. Әкімдік өз тарапынан тұрғын үй-құрылысы кооперативтерін құруға көмектеседі.