БҚО-да полицейлер мигранттарды қуып жүріп әзер ұстады - kaz.caravan.kz
  • $ 486.65
  • 524.46
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
БҚО-да полицейлер мигранттарды қуып жүріп әзер ұстады

БҚО-да полицейлер мигранттарды қуып жүріп әзер ұстады

Батыс Қазақстанның полицейлері заңсыз мигранттарды егістік басынан қуып жүріп ұстады. 600 келімсек Зеленов ауданындағы алқаптарда көкөніс жинау жұмыстарына алынған екен. 

  • 3 Қазан 2015
  • 488
Фото - Caravan.kz

— Қияр, помидор теріп жүрміз.

 Қалай төлейді?

— 250 доллар, жақсы төлейді.

Қолға түскендердің көбі Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан азаматтары. Арасында тіпті Үндістаннан келгендері де бар. Барлығы полиция бөлімшесіне жеткізіліп, тіркеуге алынды. Істерін сот қараған соң, айыппұлдарын төлеп, отандарына аттанады. Ал заңды өрескел бұзғандары түрмеге қамалуы да мүмкін. Бұлар келе сала көші-қон полициясында тіркеуден өтсе, мұндай келеңсіздікке тап болмайтын еді дейді тәртіп сақшылары.

Ертас Бисенов, БҚО ІІД көші-қон полициясы басқармасының бастығы:

-Рұқсатнама алмай жұмыс істейді. Немесе рұқсатнаманы бір мекен-жайға алса, шаруа қожалықтарында немесе жеке кәсіпкерлерде жұмыс жасайды. Ал ол біздің заңда көзделмеген. Шаруа қожалықтарында, жеке кәсіпкерлерде жұмыс жасауға рұқсат жоқ.