Әлем елдері Ресейден Сирияны бомбалауын тоқтатуды талап етті - kaz.caravan.kz
  • $ 467.58
  • 543.66
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әлем елдері Ресейден Сирияны бомбалауын тоқтатуды талап етті

Әлем елдері Ресейден Сирияны бомбалауын тоқтатуды талап етті

Ал осы Сирияға қатысты халықаралық ахуал ушығып барады. Ресейдің бұл елге әуеден жойқын соққы бергеніне жеті бірдей мемлекет қарсылық білдірді. Әсіресе, Түркияның наразылығы күшті. 

  • 3 Қазан 2015
  • 473
Фото - Caravan.kz

Ресми Анкараға Франция, Германия, Сауд Арабиясы, Ұлыбритания, АҚШ және Катар қосылған. Ондағылардың ойынша, Ресей «Ислам мемлекеті» содырларының лагерін емес, керісінше, бейбіт тұрғындар шоғырланған аудандарға оқ жаудырған. Ресми мәлімдемеде «Бұл әуе соққылары алдағы уақытта экстремизм мен радикал топтарды қаптатып жіберуі мүмкін. Сондықтан Ресей тез арада ұрысты тоқтатсын» деп жазылыпты. Бірақ бұған Мәскеу әлі жауап қатқан жоқ. Қазір соғыс Хомс, Идлиб аудандарында жүріп жатыр. Орыстардың ұшақтары 12 нысанды бомбалап көзін жойған. Соның салдарынан бейбіт тұрғындардың қаза тапқаны туралы ақпарат бар.