Қостанай облысында егін тағы уақытында жиналмай жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 467.58
  • 543.66
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қостанай облысында егін тағы уақытында жиналмай жатыр

Қостанай облысында егін тағы уақытында жиналмай жатыр

Қостанай облысының диқандары егіндерін уақытында жинай алмай жатыр. Себебі, астықтың толық пісіп-жетілмеуіне байланысты биыл орақ науқанын кеш бастапты. Енді бар тілектері – ауа райының ашық болуы. Егер қазіргідей күнара жаңбыр жауатын болса алты ай жаз бойғы еңбектері еш кететін түрі бар. Бұл диқандар былтыр да егіндері қар астында қалып біраз титықтаған болатын.

  • 9 Қазан 2015
  • 218
Фото - Caravan.kz

Қостанай облысында астық ору науқаны жылдағыдан екі аптаға кеш басталды. Көктемде толассыз жауған жауын кесірінен егінді кеш салғандықтан, әрі қазір де жер ылғал болғандықтан, бидай дер уақытында пісіп үлгермеген. Енді тағы да күзгі жаңбыр шаруаларына қол байлау болып отыр. Бірер сағатқа күн ашылса болды, диқандар астық орып үлгеру үшін алқаптарына жүгереді.

Еркебұлан Досымов, шаруа қожалығының басшысы:

-Жаңбыр бермей отыр. Былтыр да өте жаман жағдайда болдық. Қар кезінде жинадық. Биыл олай болмас деп ойлаймын.

Диқандар әзірге әр гектардан 30 центнерден бидай алып жатыр. Дегенмен, шығымы жақсы болғанымен сапасына көңілдері толмайды.

Сабыржан Досымов, диқан:

-Биыл өнім болғанымен, бидайдың ақуызы шамалы. Дәнде 27-28 пайыз ақуыз болу керек болса, ол не бары 19. Жазда ауа-райы желді, әрі ылғалды болғандықтан астыққа дұрыс күн түспеді.    

Енді Қостанайдың алқаптарына техника 2 күннен соң, яғни жер кепкенде бір-ақ шығады. Қазанның ортасы таяп қалса да, егістіктің  жартысынан көбіне орақ тимеген. Сондықтан егін орағы қарашада бір-ақ бітуі мүмкін. Онда да күн ашық болып тұрса ғана.