Астана түбінде ұшақ құлады деп жалған ақпарат таратқандар жазаланады - kaz.caravan.kz
  • $ 467.58
  • 543.66
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астана түбінде ұшақ құлады деп жалған ақпарат таратқандар жазаланады

Астана түбінде ұшақ құлады деп жалған ақпарат таратқандар жазаланады

Астана маңында ұшақ құлады! Ақпарат агенттіктерінің бірі таратқан осындай хабар бүгін күллі елді дүрліктірді.

  • 9 Қазан 2015
  • 349
Фото - Caravan.kz

Алайда, ақпар жалған боп шықты. Біздің тілшілер 6 сағат бойы  құтқарушылармен бірге жүріп, құлады делінген ұшақтың қалдығын да таба алған жоқ. Енді дүйім жұртты дүрліктірген ақпарат агенттігі мен оларға осындай мәліметті жеткізгендер қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Жаңа ғана Ішкі Істер министрлігі қауесет таратушыларды анықтауға кіріскендерін мәлімдеді. Кінәлілерді 10 жыл жаза немесе 10 миллион теңге айыппұл күтіп тұр. Астана аспаны бүгін онсызда қырағы бақылауда еді. Өйткені, осы сағаттарда Елорда әуежайына Украиина президентінің борты келіп қонып жатыр.