Украина Президенті Петр Порошенкомен шағын және кеңейтілген құрамдағы келіссөздерден кейінгі бірлескен мәлімдеме барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай деді.
Украина тарабын ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысуға шақырамыз. Олардың қатысу мәселесін келістік. Басқа мәселелер жөнінен, қазір Украинада көмір тапшылығы бар. Қазақстан бұл жағынан көмектесе алады, көп көмір беретін болады», — деді Елбасы.
Мұнан бөлек, Мемлекет басшысы екі елдің ауыл шаруашылығы техникасы, машина жасау, өңдеу өнеркәсіп, авиация салаларындағы қарым-қатынасты ұлғайтуға пейілді екенін атап өтті.
«Қазақстанда бүгінгі күні тұрып жатқан үлкен 300 мыңдық украина дисапорасы бар. Бұл еліміздің арасындағы мәдени өмірімізге, жан-жақты сабақтастыққа ықпалдастығын тигізеді деп сенеміз», — деді Н.Назарбаев.