«Нобель» сыйлығының иегерлері анықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 467.58
  • 543.66
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Нобель» сыйлығының иегерлері анықталды

«Нобель» сыйлығының иегерлері анықталды

Бейбітшілік саласы бойынша «Нобель» сыйлығын биыл да белгілі бір тұлғаға емес, Тунисте тәртіп орнатқан «төрттікке» бұйырды. 2011-ші жылы «Араб көктемі» кезінде елдегі ушыққан жағдайды қалыпқа келтіріп, демократиялық сара жолға түсірген төрт ұйымның еңбегі орасан деген тоқтамға келген комиссия.

  • 10 Қазан 2015
  • 427
Фото - Caravan.kz

Қомақты сыйлықты Тунис еңбек бірлестігі, Тунис өнеркәсіп және сауда конфедерациясы, Тунистің адам құқықтары жөніндегі лигасы мен Тунис адвокаттар қауымдастығы теңдей бөліп алмақ. Бұл «квартеттің» өзара іс-қимылы арқасында Тунистегі төңкеріс азамат соғысына ұласпай, билік бейбіт түрде өткен. Осы Туниспен қатар толқу басталған Ливия, Сирия, Йеменде қарулы қақтығыс әлі жалғасып жатыр. Жалпы, бейбітшілік саласы бойынша «Нобель» сыйлығына биыл әйгілі америкалық тыңшы Эдуард Сноуден мен Германия канцлері Ангела Меркель де басты үміткер болған.