Қырғызстанда экстремизм бабымен істі болғандар түрмеден қашып кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 467.58
  • 543.66
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғызстанда экстремизм бабымен істі болғандар түрмеден қашып кетті

Қырғызстанда экстремизм бабымен істі болғандар түрмеден қашып кетті

Қырғызстанның оңтүстігінде тоғыз адам түрмеден қашып, Мемлекеттік жазаны орындау қызметінің үш бірдей қызметкері мерт болды,

  • 12 Қазан 2015
  • 480
Фото - Caravan.kz


деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
Хабарламаға сүйенсек, дүйсенбіге қараған түні Шу облысы Төменгі Нооруз ауылындағы ИК-50 колониясынан тоғыз тұтқын қашып кетпек болған. Олардың үшеуі «Жайшуль-Махди» радикалды тобының мүшесі.
Оларды тоқтатпақ болған күзетшілердің үшеуі сол жерде жан тапсырып, біреуі ауыр жарақат алды. Қашқындардың бірі оқ тиіп жарақаттанған.
Қырғызстан ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, қылмыскерлер ұрлап мініп кеткен көлік табылды. Тоғыз қашқынның бесеуі қолға түсті. Қалған төртеуі бостандықта жүр.
«Қолға түсіру» операциясы жарияланып, жедел-іздестіру жұмыстары жүріп жатыр.
Бостандықта жүрген төртеудің екеуі өмір бойы бас бостандығынан айырылған, екеуінің үстінен тергеу амалдары жүріп жатқан болатын.
Олардың бәрі де діни экстремизм және терроризм бабы бойынша істі болғандар.