Францияда ер адам 50 жыл мисыз өмір сүрген - kaz.caravan.kz
  • $ 467.58
  • 543.66
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Францияда ер адам 50 жыл мисыз өмір сүрген

Францияда ер адам 50 жыл мисыз өмір сүрген

Адам мисыз өмір сүре алмайтыны белгілі. Алайда 2007 жылғы Lancet журналынан француз азаматының өмірі жайында жазылған материал табылды.

  • 12 Қазан 2015
  • 440
Фото - Caravan.kz

44 жастағы ер адам ауруханаға келіп, сол аяғының әлсіз екенін айтып шағымданған. Дәрігерлер оны тексеріп, бас сүйегінің артқы бөлігінен ірің толып кеткен ісікті тапты.  Яғни  бас сүйек жұлын сұйықтығына толып, ми затының аз ғана бөлігі қалған.

Франция азаматы кішкентай кезінде гидроцефалиядан — ми қарыншалары мен ми қабығы астында сұйықтықтың жиналуынан зардап шеккені анықталды. Алайда оған шунт орнатқан. Ол мидан артық сұйықты алып отырған. 14 жасында шунт алынған.

Бұдан кейін ер адам өзгелер сияқты өмір сүрген. Ол үйленіп, екі баланың әкесі атанды. Атап өту керек, оның IQ деңгейі 75-ті көрсетеді.