Қырғызстан бір топ экстремистің түрмеден­ қашып кетуіне байланысты Қазақстанмен а­радағы шекара күзетін күшейтті ­ - kaz.caravan.kz
  • $ 467.58
  • 543.66
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғызстан бір топ экстремистің түрмеден­ қашып кетуіне байланысты Қазақстанмен а­радағы шекара күзетін күшейтті ­

Қырғызстан бір топ экстремистің түрмеден­ қашып кетуіне байланысты Қазақстанмен а­радағы шекара күзетін күшейтті ­

Қырғызстан бір топ экстремистің түрмеден қашып кетуіне байланысты Қазақстанмен арадағы шекара күзетін күшейтті.

  • 12 Қазан 2015
  • 506
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы Қырғыз республикасы Мемлекеттік шекара қызметінің ресми өкілі Гүлмира Борубаева хабарлады.
«Қазақ-қырғыз шекарасы күшейтілген тәртіп бойынша күзетілуде. Мемлекеттік шекараны күзетуге қосымша жасақтар жұмылдырылды», — деді ол.
Бұған дейін хабарланғандай, дүйсенбіге қараған түні Шу облысы Төменгі Нооруз ауылындағы ИК-50 колониясынан тоғыз тұтқын қашып шықпақ болған. Олардың үшеуі «Жайшуль-Махди» радикалды тобының мүшесі.
Тұтқындарды тоқтатпақ болған күзетшілердің үшеуі сол жерде жан тапсырып, біреуі ауыр жарақат алды. Қашқындардың бірі оқ тиіп жарақаттанған.
Қырғызстан ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, қылмыскерлер ұрлап мініп кеткен көлік табылды. Тоғыз қашқынның бесеуі қолға түсті. Қалған төртеуі бостандықта жүр.
«Қолға түсіру» операциясы жарияланып, жедел-іздестіру жұмыстары жүріп жатыр.
Бостандықта жүрген төртеудің екеуі өмір бойы бас бостандығынан айырылған, екеуінің үстінен тергеу амалдары жүріп жатқан болатын.
Олардың бәрі де діни экстремизм және терроризм бабы бойынша істі болғандар.