Алматы әкімі Назарбаевқа қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде айтып берді - kaz.caravan.kz
  • $ 467.58
  • 543.66
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы әкімі Назарбаевқа қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде айтып берді

Алматы әкімі Назарбаевқа қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде айтып берді

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев дүйсенбіде Алматы әкімі Бауыржан Бәйбекпен жұмыс барысында кездесті.

  • 12 Қазан 2015
  • 346
Фото - Caravan.kz


Кездесу барысында Б.Бәйбек қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі жұмыс туралы айтып берді, деп хабарлады елбасының баспасөз қызметінен.
Хабарламада атап өтілгендей, негізгі азық-түлікке бағаны өсірмеу, тиімді оқу үрдісін ұйымдастыру үшін жағдай жасау, жылыту маусымына дайындалу шаралары туралы айтылған.
Сонымен қатар Б.Бәйбек 10 млрд теңге сомасына меморандумға қол қойылғандығы туралы айтты, оған орай алматылық кәсіпорындар өз өнімдерін "ЭКСПО-2017" көрмесінің нысандарын салуға жеткізіп бермек.
Алматы әкімі шілде айында сел салдарын ретке келтіру жұмыстары туралы да айтып берді, өтемақылар төленіп, Қарғалы өзенінің сағасын күшейту шаралары жүргізілген.
Б.Бәйбек атап өткендей, «Нұр Отан» партиясының сыбайластыққа қарсы ықпал ету бағдарламасы аясында жуық арада қаланың мектептері мен ауруханаларының қаржылық есептерін жариялауды әдетке айналдыру көзделіп отыр.
Кездесу нәтижелері бойынша елбасы бірқатар нақты тапсырмалар берді.