Бүгін Түркістандық Исраиловтардың үйінен 4 адамға жаназа оқылып жатыр. Бір жанұяның 31 жастағы келіні мен оның 5 жасар қызын және 29 және 18 жастағы қос азаматын соңғы сапарға шығарып салды
Қанды оқиға сенбі күні мына үйде болған. Таңертеңнен бері бір телефонын көтермей, көшеден көрінбеген соң туыстары үйге өздері іздеп келіпті. Сөйтіп, қан-жосаның үстінен түскен.
— Жеңгем мына жерде жатыр басы жарылған. Бала да осындай күйде.
Қансырап жатқандарға жедел-жәрдем мен полиция шақырған туыстары кейінірек, есік алдында басынан жарақат алып, есеңгіреп жүрген 30 жастағы інісі Мұхамедті көріпті.
Диларам Исраилова, марқұмдардың туысы;
-Мұхамедті отырғызып тергеген. Комода тұрған адамды қалай тергейді? Ол не айтып не қойғанын білмейді.
Ал, полицейлер болса Мұхамедтің өзі жасаған қылмысын мойындады деп отыр. Мұндай жауыздыққа келіншегін қызғанған соң барғанына сенімді тәртіп сақшылары басқа нұсқаларды қарастырып отырған жоқ.
Салтанат Қаракөзова, ОҚО ІІД баспасөз хатшысы:
-Күдікті азамат осы ауыр қылмысты жасағаннан кейін өз-өзін өлтірмекші болған. Травматикалық тапаншадан атқан барлығына . Шешесі 63 жылы туған, баласы 2009 туған және де өзі күдікті жансақтау бөлімінде жатыр.
Тек Мұхамед өзінің туған анасы мен қос інісін, келіншегі мен ұл-қызын жайратып салды дегенге туыстары да, көршілері де сенбейді. Айтуларынша, ескі көліктерді жөндеп сатып келген Мұхамедтің 10 миллион теңгеден астам қарызы болған. Сол ақша үшін өшіккендердің ісі дейді.
Шаукат Шарапов, туысы:
-Достарға маған жәрдем беріңдер депті. Мені атып кетеді қорқытып жатыр дегендей айтыпты өзінің бірге жүрген достарына. Айтқаннан кейін бір апта өтпей осындай болып тұр міне.
Қазір ауруханада Мұхамедпен бірге оның анасы мен 6 жасар ұлы жатыр. Дәрігерлер үшеуінің хәлі де өте ауыр дейді. Ал, ағайын-туыстары енді істі қайта тексеруін сұрап бүкіл құзырлы орындарға шағым түсірмек.