Назарбаев білімге бөлінген қаржыны қысқартпауға пәрмен берді - kaz.caravan.kz
  • $ 467.58
  • 543.66
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Назарбаев білімге бөлінген қаржыны қысқартпауға пәрмен берді

Назарбаев білімге бөлінген қаржыны қысқартпауға пәрмен берді

Білімге бөлінген миллиардттар қысқармайды! Бүгін Нұрсұлтан Назарбаев дағдарысқа қарамастан білім саласынан ақшаны аямайтынын мәлімдеді.

  • 14 Қазан 2015
  • 379
Фото - Caravan.kz

Білім және ғылым министріне Елбасы қыруар қаржыны тиімді жұмсауды мықтап тапсырды. Себебі бұл бөлінген бюджет ақшасы қысқартылмаған жалғыз министрлік. Бұған ерекше қуанған Аслан Сәрінжіпов президентке еліміздегі білім беру мекемелері Назарбаев интелектуалдық мектеп бағдарламасына сай оқытыла бастайтынын айтты. Жаңа жүйе шәкірттердің ынтасын аша түсуі тиіс. Қазір республика бойынша, 2 миллионға жуық оқушы 7 мыңнан аса мектептерде оқып жатыр.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Қазір біраз уақыт жаңа обьектілердің құрылсын бастамай-ақ қоялық, басталғанын бітіру керек. Қандай 3 ауысымда оқитын  мектеп бар, қанша апатты мектеп бар соларды қарайық әуелі. Сондықтан ол бар жоғарғы мектеп бар, университеттер, білімнің мәселелері бар қазір сол жағынан сөйлесетін боламыз.