Би-би-си таратқан хабарламаға сүйенсек, көмек ең алдымен Ливан мен Иорданияға берілмек. ДБ бұған қажетті қаржының бір бөлігін Парсы шығанағы елдерінен алмақ.
Негізінен босқындардың басым бөлігін Түркия қабылдап жатыр. Алайда, Ливанда босқындар саны халықтың 30 пайызына, Иорданияда 20 пайызына жеткен. Бұл экономикасы орташа саналатын қос мемелекетке ауыр салмақ салып отыр.