Ресми түрде бүгін басталған науқанның салтанатты шарасына "Самұрық-Қызына" ҰӘҚ" АҚ басқарма төрағасы Өмірзақ Шүкеев қатысты.
"Біз "Қазатомөнеркәсіп" компаниясында бұл үдерісті дер кезінде және дұрыс іске қосу үшін көп күш салдық. Сөйтіп, "Қазатомөнеркәсіп" АҚ трансформация бағдарламасының ұзақмерзімді мақсаттары мен бастамаларын анықтап алдық, оның бәрі директорлар кеңесі бекіткен компанияның жаңа стратегиясында көрініс тапқан", — деді Ө. Шүкеев.
Нақты айтқанда, ол "Қазатомөнеркәсіптің" жаңа стратегиясында 2025 жылға қарай компанияның құнын 3 есеге ұлғайту сияқты дамудың шешуші мақсаттары белгіленгенін атап өтті.
"Мұндай зор мақсаттарға 1-2 жылда қол жеткізу мүмкін емес екендігі түсінікті. Трансформация — ұзақмерзімді үдеріс, оның нәтижесін біз 2018 жылдан бастап көруді жоспарлап отырмыз", — деді ол.