Бағананың бір жағында уақыт пен ауаның температурасы көрсетілсе, бір жағындағы экран жарнама көрсетуге арналған. Қатты жылдамдықпен келген жүргізуші көлік тізгініне ие бола алмай, бағананы соға тоқтапты. Жүруге жарамсыз болып қалған «Лексусты» эвакуатор алып кетсе, жарнама қалқаны да қайта қалпына келтірілмейтін жағдайда. Ал апат себепкері болған ару мен көлікте болған екі құрбысы дін аман.