Қостанай облысының бас полицейі тілшілерді алдап кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 467.58
  • 543.66
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қостанай облысының бас полицейі тілшілерді алдап кетті

Қостанай облысының бас полицейі тілшілерді алдап кетті

Қостанай облысының бас полицейі уәдесінде тұрмады. Тілеген Мәткенов тілшілерге сағатын көрсетпек түгілі, кездесуге де келмей қойды.   Оның себебін баспасөз хатшысы басшысының іссапарда жүруімен түсіндірді.

  • 17 Қазан 2015
  • 417
Фото - Caravan.kz

Сөйтіп ашық әңгіме келесі дүйсенбіге қалып отыр. Тілеген Советұлы сол күні сағаттарын көрсетіп қана қоймай, олардың бағасы мен кімдердің сыйға бергенін де айтып бермек. Айта кетейік, кеше өңірдің бас полицейі тұрған Қостанайдағы зәулім үйге ұры түсіп, аса құнды сағаттар мен зергерлік бұйымдарды үптеп кетіпті деген ақпарат тараған. Алайда облыстың бас полицейінің баспасөз хатшысы мұны жоққа шығарумен әлек.  

Әділбек Нұрмахан, Қостанай облыстық ІІД баспасөз хатшысы

-Пәтердің Тілеген Мәткеновқа қатысы бар деген шындыққа жанаспайды. Өйткені Мәткеновтар отбасы, осыдан үш ай бұрын ол пәтерді жалдап тұрған.