Оған үлескерлердің ақшасын жымқырды деген айып тағылған. Дәлірек айтқанда Шнайдер 80 үлескердің баспана үшін деп жинап берген 500 миллион теңгесін қалтасына басыпты. Күдіктіге қатысты «алаяқтық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған. Бұл тұрғынүй нарығында атына қара дақ түскен алғашқы компания емес. Өткен жұмада ғана осы Елордадағы «Әл-Баракат» компаниясының басшысы Бақытжан Тойымбетов те тұтқындалған болатын. Ол да үлескерлердің ақшасын жеді деген күдікке ілініп отыр.