Аралда жалпы құны 253 млн.теңгені құрайтын 28 жоба жүзеге асырылуда - kaz.caravan.kz
  • $ 486.65
  • 524.46
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Аралда жалпы құны 253 млн.теңгені құрайтын 28 жоба жүзеге асырылуда

Аралда жалпы құны 253 млн.теңгені құрайтын 28 жоба жүзеге асырылуда

Сыр өңіріндегі кәсіпкерлер палатасының Арал аудандық филиалы жанындағы Кәсіпкерлікті қолдау орталықтары жұмысының нәтижесінде

  • 19 Қазан 2015
  • 350
Фото - Caravan.kz

ауданда жалпы құны 253 млн.теңге болатын 28 жоба жүзеге асырылуда. Бұл туралы облыстық кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі хабарлады.

«Кәсіпкерлер палатасының негізгі мақсаты ауданымызда кәсіпкерлік саласын дамыту және бизнес ахуалды жақсарту», — деген аудандық филиал директоры Қадырхан Еңсепов кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және мүдделеріне өкілдік етумен қатар, ең негізгі бағыт — кәсіпкерлердің мемлекеттік бағдарламаларға қатысуына жәрдемдесуде екендіктерін, Орталық кеңесшілері арқылы кәсіпкерлерге бизнес-жоспарлар тегін жасап беріліп, екінші деңгейлі банктер және Өңірлік инвестициялық орталық арқылы қаржыландырылуына толық сүйемелдеу жасалып жатқандығын жеткізді.

Жалпы Арал ауданы бойынша 3500-ге жуық кәсіпкер бар. Солардың бірі Сайлаш Жұбаниязова. Аралға шет елден қонақтар жиі келеді. Осы орайда, қонақ үй бизнесімен айналысқан Сайлаш биылғы жылдың маусым айында аудандық Кәсіпкерлер палатасының көмегімен Өңірлік инвестициялық орталықтан қаржылай қолдау алып, қонақ үйін қайта жаңғыртудан өткізеді. 20 орындық қонақ үйде келушілерге барлық жағдай жасалған. Жайлы әрі жылы бөлмелер, кітапхана және асхана — барлығы талапқа сай.

Жалпы, кәсіпкерлерді, оның ішінде ауыл тұрғындарының барлық қаржыландыру тетіктеріне  қатысу белсенділігін арттыру мақсатында  құрылған «Қызылорда» Өңірлік инвестициялық орталығы облыста арқылы есепті кезеңде 249 млн.64 мың тенге  болатын 43 жоба қаржыландырылып, жұмыс жасауда.