6 мен 15 жас аралығындағы балалар үй жануарының мойнын капрон шұлықпен байлап, әбден сүйреген. Артынша итке талатпақ болады. Сөйтіп, қоянды ғимарат қоршауына асып қойған. Мұның барлығын көршілердің бірі телефонының камерасы түсіріп алыпты. Бастапқыда ол оқушылардың сотқарлығын өзі тоқтатпақ болған. Әлі келмеген соң полицияға шағымданды. Жануарды қорлаған №20 мектептің төртінші сыныбында оқитын екі бала екен. Олар қоянды қоқыс жәшігінің қасынан өлі күйінде тапқан айтыпты.
Диляра Турина, Ақтау қаласының тұрғыны:
-Балаларды тоқтату үшін үй киіміммен далаға атып шығып айғай салдым. Олар болса, қашқақтай бастады. Балалардың қоянды алғанда тірі не өлі болғанын білмеймін. Бірақ оны азаптауы өте қорқынышты еді