Қоғам белсенділері Алматыны Ресейдің қаласы деп көрсеткен фильмді көрсетпеуді талап етті - kaz.caravan.kz
  • $ 467.58
  • 543.66
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қоғам белсенділері Алматыны Ресейдің қаласы деп көрсеткен фильмді көрсетпеуді талап етті

Қоғам белсенділері Алматыны Ресейдің қаласы деп көрсеткен фильмді көрсетпеуді талап етті

Арандатуға бағытталған фильм! Ресейде түсірген «Голос большой страны» деп аталатын кино қазақ көрермендерін шошытты. Кілең таланттар жайлы баяндалған туындыда ресейлік режиссерлер Алматыны өз отандарының бір бөлшегі деп атап, ал қазақтың қалған даласын өз территориясына кіргізіп жіберген. Төрткүл елге тарап кеткен трейлер жұрттың жағасын ұстатса да, селк еткен билік жоқ. Тіпті, үлкен экранға шығып жатқан дүниелерден Мәдениет министрлігі хабарсыз.   

  • 20 Қазан 2015
  • 313
Фото - Caravan.kz

Жұрттың жағасын ұстатқан жарнама осы. Жаңа түсірілген киноның мақтауын келтірген ресейлік режиссерлар Армения астанасы –Ереванды да, өз алдына бөлек Белорусь астанасы – Минскіні де, тіпті, Грузияның Тбилисиіне дейін өз жері деп көрсеткен. Қиялдан карта құраған киногерлер, Алматыны да өз қаламыз деп әндетіп тұр.      

Олжас Бибанов, Алматы қаласының тұрғыны:

-Киноның жарнамасын көргенде төбемнен тас түскендей болды. Алматыны отанымыздың бір бөлшегі деп оттап тұр. Ал астанамыз – Мәскеу дейді. Мұны қалай түсінуге болады? Мәдениет министрлігі қайда қарап отыр? Ол киноның Қазақстанда көрсетілуіне қарсымын. Прокатты тоқтату қажет!

Ол аздай, киногерлер Шымкент, Жамбыл облысын да сары жолақпен сызып алып, біздің жер дейді. Саясаттанушылар да мұндай сандыраққа жауаптың барынша қатқыл болғаны дұрыс деп отыр.             

Досым Сәтпаев, саясаттанушы:

-Сыртқы істер министрлігі бұл ретте қаталдық танытқан дұрыс. Дипломатиялық нота жолдап, қалайда кино түсірушілерді жауапқа тартқызу қажет. Прокатқа шығарушылар да үлкен қателік жіберіп қойған. Егер бұл мәселеге атүсті қарайтын болсақ, онда өз тәуелсіздігімізді сыйламағандымыз. Азаматтығымызға сын.

Тек Алматыны бөтен жердің бір бөлшегі деп көрсеткен киногерлерге «әй дейтін әже, қой дейтін қожа» болмай тұр. Тіпті, мүйізі қарағайдай Мәдениет министрлігі де «прокатқа» түк қатысымыз жоқ жайбарақат отыр.


Салтанат Бақтығалиқызы, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі баспасөз қызметкері:

-Негізі кинопрокатты бақылау жатпайды бізге. Осындай сұрақ болған осы трейлерге байланысты. Оларды біз бақылай алмаймыз, біз қалай бақылаймыз?

Төрт бірдей тәуелсіз елдің алып шаһарларын өз жері деп атап көрсеткен Ресей киносы 7-ші қаңтардан бастап күллі ТМД-да көрсетілмек. Комедия жанрындағы фильм біздің елге де келіп қойған. Күні түні тынбастан кинотеатрларда «наша любимая родина» деп жарнамасы жүріп жатыр.