Көкжайлау тау-шаңғы кешенінің құрылысын кейінге қалдыруды қалалық мәслихат депутаттары бірауыздан мақұлдапты. Бюджет шығынын азайту үшін сонымен қатар 5 жолаушылар өткелін, бір жолайрық пен Наурызбай ауданы әкімдігінің ғимаратын тұрғызу және ипподромды жөндеу жұмыстары кейінге қалған. Үнемделген ақша мемлекеттік бағдарлама бойынша «Жас Қанат» ықшамауданында бой көтерген көпқабатты тұрғын үйлердің шығынын өтеуге жұмсалмақ. Ал Көкжайлауға қаржының табылмай қалғанына экологтар риза. Талай қарсылық шарасын ұйымдастырғанымен, жасылдардың сөзін билік бір рет те құлаққа ілмеген болатын.