Петербургте ТЖМ қызметкерлері сенбі күні басталған алапат өртті үш күн алысып, әзер сөндірді - kaz.caravan.kz
  • $ 467.58
  • 543.66
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Петербургте ТЖМ қызметкерлері сенбі күні басталған алапат өртті үш күн алысып, әзер сөндірді

Петербургте ТЖМ қызметкерлері сенбі күні басталған алапат өртті үш күн алысып, әзер сөндірді

Петербургте "Парнас" өндірістік аймағындағы автобөлшектер мен көлік майы қоймасында ірі өрт орын алды.

  • 20 Қазан 2015
  • 392
Фото - Caravan.kz

Өрт сенбі күні басталған. РФ ТЖМ қызметкерлері екі жарым күн алысып, бүгін жалынды әрең өшірді. Тілсіз жауды ауыздықтауға ТЖМ тікұшағы жұмылдырылды.

Бұл туралы РФ ТЖМ өңірлік басқармасына сілтемемен ТАСС хабарлады.

«19 қазан күні Мәскеу уақыты бойынша 21:15-те басталған өрт сөндірілді. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ», — делінген хабарламада.

Петербург су қоймасының мәліметі бойынша, өртті өшіруге 18, 5 мың шаршы метр су жұмсалған.