М.Новак пен Е.Жовтис Қазақстандағы азаптауға қарсы ұлттық превентивті тетіктерді жетілдіруге жәрдем беріп отырған жоқ - kaz.caravan.kz
  • $ 486.65
  • 524.46
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
М.Новак пен Е.Жовтис Қазақстандағы азаптауға қарсы ұлттық превентивті тетіктерді жетілдіруге жәрдем беріп отырған жоқ

М.Новак пен Е.Жовтис Қазақстандағы азаптауға қарсы ұлттық превентивті тетіктерді жетілдіруге жәрдем беріп отырған жоқ

Құқық қорғау қоғамдастығының өкілдері Қазақстандағы азаптауға қарсы ұлттық превентивті тетіктерді жетілдіруге жәрдем көрсетіп отырған жоқ. 

  • 20 Қазан 2015
  • 449
Фото - Caravan.kz

Мұндай пікір ҚР-дағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдігі таратқан ақпаратта білдірілген.

Ағымдағы жылғы 13 қазанда  2004-2010 жылдары БҰҰ-ның азаптауларға қарсы арнайы баяндамашысы болып жұмыс істеген Манфред Новак пен Адам құқықтары және заңдылықты сақтау жөніндегі қазақстандық халықаралық бюроның директоры Евгений Жовтис Астанада мемлекеттік органдардың өкілдерімен кездесті. Онда олар 2014 жылы БҰҰ-ның Азаптауларға қарсы комитетінің Қазақстанға азаптауларды қолдану тәжірибесін тоқтатуға шақырған ескерту қорытындысын тез арада орындауға шақырды.

Осыған орай Омбудсмен мекемесі делегацияның Қазақстанға сапарын Адам құқықтары және заңдылықты сақтау жөніндегі қазақстандық халықаралық бюроның сайтындағы жарияланымнан ғана білгендігін атап өтеді. Олардың бұл мәселені талқылауда Омбудсменмен кездесуі біршама жемісті болар еді. Өйткені, Қазақстандағы Ұлттық превентивті тетік «Омбудсмен+» моделі негізінде жұмыс істейді.

Ұлттық превентивті тетікті шынайы бағалау үшін  іс басындағы халықаралық сарапшылардың пікірлерін қаперге алу қажет. Олардың барлығы да еліміздегі  Ұлттық превентивті тетікке өздерінің оң бағаларын берген болатын. Мәселен, бір жарым жылдың ішінде барлық үлгідегі жабық мекемелерге 675 мәрте, оның ішінде 31 арнайы сапар ұйымдастырылды. Еуропалық одақтың, Еуропалық кеңестің, ЕҚЫҰ-ның, PRI, БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі жоғары комиссары басқармасының, ЮНИСЕФ-тің қатысуымен 12 өңіраралық тренинг өткізілді, ағымдағы жылы тағы 4-еуін өткізу жоспарланған.


Қорытындылай келе Омбудсмен мекемесі әр уақытта да тәжірибелік жұмыстарға, тыңғылықты сараптамаға және конструктивті сұхбатқа дайын екендіктерін баса атап өткен.