Бұл жолы үнді препаратынан зардап шеккендер жоқ дейді Денсаулық сақтау министрлігіндегілер. Қызылшаға қарсы вакцинация 11 облыста аяқталып бірде бір адамнан денсаулығына қатысты шағым түспеген. 15-19 жас аралығындағыларға екпе салу әлі жалғасады. Дәл осы вакцинадан соң ақпан айында бірнеше аймақта оқушылар мен студенттер жаппай естерінен танып реанимациядан бір-ақ шыққан болатын. Кейін бюджеттің миллиондарына сатып алынған үнді екпесіне уақытша тыйым салынған еді. Десе де Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы шетелдік екпеден ешқандай кінәрат таппай, оны егу күзде қайта жалғасқан болатын.