Зейнетақыға деп жинаған жұрттың миллиардтары орнында ма? - kaz.caravan.kz
  • $ 467.58
  • 543.66
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Зейнетақыға деп жинаған жұрттың миллиардтары орнында ма?

Зейнетақыға деп жинаған жұрттың миллиардтары орнында ма?

Жалақыдан ай сайын жырылатын мемлекеттік қордағы миллиардттар орнында ма? Бүгін еліміздегі жалғыз бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры есеп беріп, жетістіктерімен мақтанды.

  • 21 Қазан 2015
  • 295
Фото - Caravan.kz

Баяндамасы оптимизге толы мемлекеттік зейнетақы қоры табыстарының бірден 9 пайызға өскенін айтып отыр. Яғни, кіріс тек 9 айдың өзінде 435 миллиард теңгені құраған. Ал ашылған есепшот 10 миллионнан асып, жинақтың жалпы сомасы 5 триллионға жеткен. Қордағы теңгенің өсіміне дағдарыс та, инфляция да кедергі келтірмепті. Ал зейнетақы қорында қанша ақша жатқанын енді жұрт интернет арқылы да білсе болады. Ол үшін арнайы бағдарламаны ұялы телефонға жүктеп, азаматтар маңдай термен тапқан  жинағына қатысты ақпаратқа қол жеткізе алады. Осы арқылы мемлекеттік зейнетақы қоры жұртқа ашықтығын дәлелдемек.