АУА РАЙЫ: Бүгін еліміздің басым бөлігінде жел күшейеді, кей жерлерде қар аралас жаңбыр жауады - kaz.caravan.kz
  • $ 486.65
  • 524.46
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
АУА РАЙЫ: Бүгін еліміздің басым бөлігінде жел күшейеді, кей жерлерде қар аралас жаңбыр жауады

АУА РАЙЫ: Бүгін еліміздің басым бөлігінде жел күшейеді, кей жерлерде қар аралас жаңбыр жауады

Бүгін Қазақстан аумағының көптеген бөліктері арқылы атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты

  • 22 Қазан 2015
  • 576
Фото - Caravan.kz

кей жерлерде жауын-шашын сақталады, қар аралас жауын жауады; жел күшейіп, тұман, көктайғақ болады; тек республиканың батысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі хабарлады.

Ақмола облысында желдің күші 15-20, екпіні 25 м/с-ға дейін күшеюі күтіледі, кей жерлерінде жаяу бұрқасын, көктайғақ болады.

Түнде Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде желдің күші 15-20, екпіні 23 м/с-ға дейін жетеді, күндіз желдің күші 15-20 м/с болып, кей жерлерінде бұрқасын тұрып, көктайғақ болады.

Павлодар облысында желдің күші 15-20, екпіні 25 м/с болады.

Жамбыл облысында тұман түсіп, желдің күші 15-20, түнде екпіні 23 м/с болады.


Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлеріне тұман түседі, желдің күші 15-20, түнде екпіні 23 м/с болады.

Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-23 м/с-ға дейін күшейеді.

Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, жел 17-22 м/с-ға дейін күшейеді.

Қостанай, түнде Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде жел 15-22 м/с-ға дейін күшейіп, бұрқасын болады.

Қызылорда, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлеріне тұман түседі.