Парламент есірткі мен психотроптық заттардың үлгілерін беру тәртібіне қатысты келісімді қабылдады - kaz.caravan.kz
  • $ 442.05
  • 474.14
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
30 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Парламент есірткі мен психотроптық заттардың үлгілерін беру тәртібіне қатысты келісімді қабылдады

Парламент есірткі мен психотроптық заттардың үлгілерін беру тәртібіне қатысты келісімді қабылдады

Бүгін Парламент Сенатының жалпы отырысында

  • 22 Қазан 2015
  • 569
Фото - Caravan.kz


палата депутаттары «Есірткі, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларының үлгілерін беру тәртібі туралы келісімді ратификациялау туралы» ҚР Заңын қабылдады. Аталған келісім 2011 жылдың 18 қазанында Санкт-Петербор қаласында жасалған. 

Келісім ТМД қатысушы мемлекеттерінің құзыретті органдары арасында есірткі, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларының үлгілерін беру тәртібін нақтылайды. Оның мақсаты — ондай заттардың заңсыз айналымына қарсы күрес шеңберінде кейіннен олардың өндірілетін жері мен тәсілін, бір партияға тиесілілігін, оларды тасымалдаудың ықтимал тәсілдерін айқындау үшін зерттеу жүргізу мүмкіндігін қамтамасыз ету. 
Сонымен қатар, ТМД құзыретті органдары арасында заңсыз айналымнан алып қойылатын есірткілер мен олардың прекурсорларының жаңа үлгілерімен алмасу қарастырылады. 
Парламент қабылдаған заң Мемлекет басшысының қол қоюына жолданады.

Соңғы жаңалықтар