Алматыда полицияға бағынбаған Түркия азаматы қылмыстық жауапқа тартылды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда полицияға бағынбаған Түркия азаматы қылмыстық жауапқа тартылды

Алматыда полицияға бағынбаған Түркия азаматы қылмыстық жауапқа тартылды

Алматыда билік өкіліне бағынбағандығы үшін Түркияның 25 жастағы азаматы ұсталды, деп хабарлады қалалық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен.

  • 22 Қазан 2015
  • 344
Фото - Caravan.kz


Бейсенбіде таралған ақпаратқа қарағанда, оған қатысты сотқа дейінгі тергеуді Әуезов аудандық ішкі істер басқармасы жүргізіп отыр.
19 қазан күні Абай даңғылы мен Алтынсарин көшелерінің қиылысында "Буран-102" полиция экипажы жол жүру ережесін бұзғандығы үшін "Опельді" тоқтатқан, жігіт көлік жүргізіп, ұялы телефонмен сөйлесіп, оң қатарға өтпек болғанда бұрылу сигналын қоспаған.
Шетелдік азамат құжаттарын көрсетуден бас тартқан, өзін басында «дипломатиялық тиісуге болмайтын тұлғамын», деп таныстыруға әрекеттенген.
Жүргізушінің сақтандыру полисі мерзімінің өтіп кеткендігі анықталды. Үш құқық бұзушылық үшін әкімшілік хаттамалар зорға дегенде жасалып, оның көлігі арнайы айыппұл тұрағына әкетілген.