Д. Назарбаева кәсіпкер әйелдерді жекешелендіруге белсенді қатысуға шақырды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Д. Назарбаева кәсіпкер әйелдерді жекешелендіруге белсенді қатысуға шақырды

Д. Назарбаева кәсіпкер әйелдерді жекешелендіруге белсенді қатысуға шақырды

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Дариға Назарбаева кәсіпкер әйелдерді жекешелендірудің екінші толқынына белсенді қатысуға шақырды.

  • 25 Қараша 2015
  • 500
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы ол Астанада өтіп жатқан әйелдердің еуразиялық форумында мәлім етті.

"Қазір жекешелендіру жарияланды. Екінші толқыны басталады. 90-шы жылдары әйелдердің кәсіпкерлік қозғалысы болмады десе де болады. Оған әйелдердің қатысуға мүмкіндігі жоқ болатын. Сондықтан қазір әйелдерге осы жекешелендіруге қатысып, өз үлестерін алып қалуға шақырамын", — деп атап өтті ол.

Вице-премьер жекешелендіру аясында әлеуметтік салалар бойынша мемлекетпен қарым-қатынасты ұлғайту қажеттігін атап өтті.

"Бүгінде елдегі әлеуметтік инфрақұрылымдар мемлекет иелігінен шығарылады. Бұл — балабақшалар, емxаналар мен ауруxаналар, мектептер мен басқа да мекемелер. Сондықтан оқиғаларды мұқият қарап жүріңіздер. Әлеуметтік сала — адамның "анасы" іспеттес. Туғаннан көз жұмғанға дейін адамға қызмет етеді. Әйелдерсіз ол инфрақұрылымдар қалай дамымақ?! Меніңше, ол мекемелерді басқару тек әйелдердің қолынан ғана келеді", — деді Д. Назарбаева. 
nullnullnull