Яки ұшқыштардың осындай қауіпті жағдайларда қалай әрекет ететіні жөнінде дайындық жұмыстары жүргізілмеген. Тіпті, биіктікті анықтайтын қондырығының өзі істен шыққан екен. Осы қателіктері үшін енді «Olimp Air» компаниясының директоры сот алдында жауап беруі тиіс. Қаңтар айында «Қазақмыстың» 4 қызметкері мен үш экипаж мүшесі отырған әуе техникасы Шудағы Шатыркөл кен орны маңында апатқа ұшыраған. Алты адам опат болып, тек геолог Әсем Шаяхметова тірі қалған болатын.