Li-Fi технологиясы Wi-Fi-дан 100 есе жылдам болады - kaz.caravan.kz
  • $ 512.1
  • 583.64
+20 °C
Алматы
2025 Жыл
4 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Li-Fi технологиясы Wi-Fi-дан 100 есе жылдам болады

Li-Fi технологиясы Wi-Fi-дан 100 есе жылдам болады

Li-Fi технологиясы жылдамдық жағынан бүгінгі Wi-Fi-дан асып түсетін болады, деп хабарлайды 24.kz.

  • 26 Қараша 2015
  • 264
Фото - Caravan.kz


Ғалымдар 4 жыл уақытын жұмсаған жаңа технология — бүгінгі ғаламтор желісін таратқыш Wi-Fi-дың баламасы, деп жазады Mashable. Li-Fi ақпаратты LED-жарықты диодтар көмегімен таратады. Олар наносекундтар деңгейінде жанып тұрып, жұмыс істейді.

2011 жылы ғалымдар лай-файды сынаған кезде ең жоғарғы жылдамдық — секундына 224 Гб-ке қол жеткізген еді. Бірақ үй ішінде пайдаланған кезде ол ықшам құралдар арқылы бұл көрсеткішті секундына 1 Гб-қа дейін азайтты. Сондай-ақ Wi-Fi-мен салыстырғанда, Li-Fi ақпаратты қабырға арқылы өткізіп тарата алмайды. Десек те, осының арқасында өзгенің ғаламтор желісін бұзып кіру мүмкін болмайды.