Сондай-ақ, жарақат алғандар мен басы ауырып, балтыры сыздаған науқастарға алғашқы көмек көрсету ережелері енгізіліпті. Бір сөзбен айтқанда арнайы медициналық білімі жоқ азаматтарға арналған. Қазақ және орыс тілінде ақпарат беретін бұл бағдарламаны еліміздегі «Қызыл Жарты ай» қоғамы құрастырған екен. Бүгіннен бастап іске қосылған мобилдік қосымшаны кез-келген смартфонға тегін жүктеп алуға болады. Болашақта бұл бағдарлама жетілдіріліп, видео және суреттермен толығады дейді жоба авторлары.
Мәриям Негметжанова, «Қызыл Жарты ай» қоғамының Қазақстандағы үйлестірушісі:
-Мобилдік жүктеме ұялы телефондарға арналған. Жүктемені бір жыл қарастырып, ішіне арнайы тақырыптарды енгізуге тырыстық. Бұл керекті жағдай.