Семейде жылусыз отырған жұрт шенеуніктердің жауапсыздығына қапалы - kaz.caravan.kz
  • $ 467.58
  • 543.66
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семейде жылусыз отырған жұрт шенеуніктердің жауапсыздығына қапалы

Семейде жылусыз отырған жұрт шенеуніктердің жауапсыздығына қапалы

Семейде 15 жыл бойы жылуға жарымаған тұрғындар наразылық білдірді. Олар қанша жылдан бері жергілікті билікке орталық жылу көзіне қосу жөнінде өтініш айтып келген екен. Ал жауапты мамандар оған қаржы қарастырылмағандықтан қолдан келер шара жоқ дейді. Соған қарағанда, мұндағы қариялар биылғы қысты да пәтерлеріне отын тасумен өткізейін деп тұр.

  • 27 Қараша 2015
  • 260
Фото - Caravan.kz

Бұл қос баспана бұрын іргесінде орналасқан құрылыс мекемесінің жылу жүйесіне қараған екен. Ол жекенің қолына өткеннен кейін, жаңа қожайын жұртты жылудан ажыратып тастаған. Содан бері 32 пәтердің тұрғындары үйлеріне пеш орнатып, жан бағуда. Ал жоғарғы қабатта тұратын қариялар үшін шелектеп көмір тасу қиямет-қайым.   

-Үш қабатты баспана тұрғындары қыстық отын- суын сақтайтын орын болмағандықтан жертөлелерін бөлме қылып бөліп алған. Бүгінде мұнда дәл осылай ағаштарын сақтауға мәжбүр. Ал жертөледен от тұтанған жағдайда баспанамыз күлге айналады деп алаңдаулы.

Жұрт бұл мәселені талай мәрте шенеуніктерге айтқан. Орталық жылу жүйесіне қосу үшін том-том қылып өтініш те жолдаған екен.

Андрей Андреев, Семей қаласының тұрғыны:

-Әкімдікке хат жолдадық. Ондағылар әдетінше жылу беретін мекемеге сілтеді. Сөйтіп, екеуінің ортасында қалдық. Шенеуніктер барлық мәселені қала қазынасының жұқарып қалғанына әкеп тірейді.

Енді жұрт көрші жатқан «Дорожник» ықшамауданының жылу құбырына қосуды талап етуде. Алайда шенеуніктер жоба әлдеқашан бекітілгенін айтып, бұл талапты орындауға қаражат жоқ деп шорт кесті.


Құралай Дүйсенбаева, Семей қалалық тұрғынүй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің сектор меңгерушісі:

-Бағдарлама бойынша Красин көшесіндегі үйлер мен №38 мектептің жылу жүйесі жаңартылуда. Ал жаңағы үйлер сметалық құжатта қарастырылмаған. Бірақ та бұл мәселе міндетті түрде бағдарлама бойынша жылу жүйесіне қосу қарастырылатын болады.

Мамандар барлығын қатырамыз дегенімен нақты қай бағдарламаға еңгізуді жоспарлап отырғанын дөп басып айта алмады. Сондықтан жылудан тарыққан жұртқа тағы уәденің орындалуын күтуге тура келеді.