Ақтөбелік шенеуніктер бензинді негізсіз көтерген кәсіпкерлерге тісі батпай отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 486.65
  • 524.46
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбелік шенеуніктер бензинді негізсіз  көтерген кәсіпкерлерге тісі батпай отыр

Ақтөбелік шенеуніктер бензинді негізсіз көтерген кәсіпкерлерге тісі батпай отыр

Ақтөбедегі жанармай бекеттері бензин бағасын негізсіз көтерген. Жергілікті кәсіпкерлер осылай өзара келісімге келіпті. 

  • 27 Қараша 2015
  • 188
Фото - Caravan.kz

Олар билік жанармай бағасын еркіне жібергенін ести салысымен іске кіріскен. Сөйтіп, 118 теңге тұратын АИ 92-ні 10 теңгеге қымбатқан. Ал тексеруге барған шенеуніктер қаладағы 6 компанияның сұйық отын қоры тола екеніне көз жеткізіпті. Сондықтан бензинді негізсіз көтергендерге 11 миллион теңге айыппұл салды. Бірақ кәсіпкерлер шыбын шаққан құрлы көрген жоқ. Бензинді сол өзара келіскендей бағамен сатып жатыр. Осындай құйтырқылыққа барған қант тасымалдаушылар да бар-жоғы 3 млн теңге айыппұлмен құтылды. Бағаға қатысты бизнесмендерге тіс батыра алмайтынын биліктегілер де мойындап отыр.

Сағындық Ерғалиев, Ақтөбе облыстық табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау департаменті басшысының орынбасары

-Біз бағаны реттей алмаймыз. Тек қана бәсекелестікті қорғаймыз. Мынадай құнмен сат деп те нұсқай алмаймыз. Кәсіптерінде өзара бәсеке болатын болса, тауар бағасы да арзандар еді.