1 желтоқсанда Н.Назарбаев Астанадағы Әскери-тарихи мұражайды ашады - kaz.caravan.kz
  • $ 467.58
  • 543.66
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
1 желтоқсанда Н.Назарбаев Астанадағы Әскери-тарихи мұражайды ашады

1 желтоқсанда Н.Назарбаев Астанадағы Әскери-тарихи мұражайды ашады

Ақорданың баспасөз қызметі Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысумен өтетін алдағы іс-шаралар аңдатпасын жариялады.

  • 27 Қараша 2015
  • 503
Фото - Caravan.kz

30 қарашада Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауын жариялайды.

Елбасы 1 желтоқсанда Астана қаласында Әскери-тарихи мұражайдың ашылу рәсіміне, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған салтанатты шараларға қатысады.

Мемлекет басшысы 2 желтоқсанда елімізге ресми сапармен келетін Нидерланд Корольдігінің Премьер-министрі Марк Рюттемен кездеседі. Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықты, сондай-ақ халықаралық күн тәртібіндегі мәселелерді талқылау жоспарланған.