Полиция мектептегі бұзақылықты тергеп жатыр - Алматы - kaz.caravan.kz
  • $ 486.65
  • 524.46
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Полиция мектептегі бұзақылықты тергеп жатыр - Алматы

Полиция мектептегі бұзақылықты тергеп жатыр - Алматы

Алматыда №7 жалпы білім беретін мектепте белгісіз біреулер бұрыш балонын шашты. Бірнеше балаға көмек көрсету үшін жедел жәрдем шақырылды. 

  • 30 Қараша 2015
  • 489
Фото - Caravan.kz


Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК 293-бабының 1-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиға орнында Медеу ауданының жедел-тергеу тобы жұмыс жасап жатыр. 
«Қазіргі таңда мектепте бұрыш балонын сепкен жоғарғы класс оқушыларын анықтау үстіндеміз. Кейін олардың неге бұл қадамға барғанын анықтаймыз. Мұғалімдер дер кезінде дабыл қаққан. Балалардың барлығын сыртқа шығарып, жедел жәрдем шақырған», — деді Медеу аудандық ІІБ басшысы Ерлан Оралбеков.
Айта кету керек, шұғыл хабарлама кезекші пультіне түс болмай түскен. Аталған дерек бойынша тергеу амалдары жалғасуда. 
Бұған дейін әлеуметтік желілерде балалардың ата-аналары мектеп дәретханасында газ балоны жарылды деген ақпарат таратқан болатын. Полиция бұл қауесетті жоққа шығарды.