Жер астындағы селфи - kaz.caravan.kz
  • $ 467.58
  • 543.66
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жер астындағы селфи

Жер астындағы селфи

Жер астындағы селфи! Алматыда метро жолаушылары жаппай суретке түсуден жарысты. Өз-өзін ұялы телефонға түсіруден алдына жан салмайтындардың сайысында 4 жасар бала жеңіске жетті.

  • 2 Желтоқсан 2015
  • 196
Фото - Caravan.kz

Мыңдаған селфидің ішінен осы сурет жеңімпаз атанды. Ерәлі пойыз ішінде ойнап жүргенде ойда-жоқта түсіпті. Селфишілердің сайысына қатысқан ол бәрінен де басым дауыс жинап планшет ұтып алды. Жалпы суретке түсуді ұнататын жандар метрода жетерлік. Бірі зулаған пойызды шырт еткізіп үлгеріп жатса, енді бірі метро платформасын нағыз подиумға айналдырған.

Айдын Оразханов,  Алматы метрополитенінің директоры:

Жеңімпаз бала бүгінгі күннің басты жолаушысына айналды. Оның суреті көңіл жадыратады. Сондықтан осыны таңдадық. Мұндай сайыстар арқылы метроға келушілердің көңілін көтергіміз келді.