Петропавлда ақша ұрлаған қаскөйлер оңай олжасына героин сатып алған - kaz.caravan.kz
  • $ 467.58
  • 543.66
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Петропавлда ақша ұрлаған қаскөйлер оңай олжасына героин сатып алған

Петропавлда ақша ұрлаған қаскөйлер оңай олжасына героин сатып алған

Петропавлда жанармай бекетіне қарақшылық шабуыл жасағандар ұсталды. Үш апта бұрын бекетке бетперде киіп келіп, күзетшіні қорқытқан екі жігіт 1 млн 300 мың теңгені алып кеткен еді.

  • 3 Желтоқсан 2015
  • 178
Фото - Caravan.kz

Олар бар ақшаны жаратып үлгеріпті. 36 және 25 жастағы сыбайластардың екеуі де нашақор. Героинге ақша таппағандықтан осы қылмысқа барған. Олардың бетперде киіп, балта және темірмен қаруланып жасаған шабуылы бақылау камерасына түсіп қалған болатын. Соны мұқият зерттеген тәртіп сақшылары бұрын істі болған бір күдіктіні жазбай таныған. Енді қылмыстары дәлелденсе, қаскөйлер он жылға дейін сотталуы мүмкін. Әзірге олар ештеңені мойындамай отыр.