Семейде өрттен қорғайтын алып қуыршақ пайда болды - kaz.caravan.kz
  • $ 467.58
  • 543.66
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семейде өрттен қорғайтын алып қуыршақ пайда болды

Семейде өрттен қорғайтын алып қуыршақ пайда болды

Семейде тілсіз жаудан қорғайтын манекен орнатылды. Мамандар салмағы шамамен 20 келі болатын алып қуыршақты ағаштан қашап, өрт сөндірушінің киімін де кигізіпті.

  • 4 Желтоқсан 2015
  • 238
Фото - Caravan.kz

Сөйтіп, ол өртке қарсы мекемедегі 25 метрлік мұнараға орнатылды. Оның мұнда қойылуының өзіндік себебі бар. Бұл нысан қос ғасыр бұрын тұрғызылған. Кезінде байланыс болмағандықтан өрт сөндірушілер осы мұнараның төбесіне шығып, түтін шыққан -шықпағанын бақылапты. Сондықтан орнатылған символ кейінгі ұрпаққа мұнараның атқарған қызыметінен сыр шертсе, қала жұртшылығына ол өрт қауіпсіздігін сақтауды естеріне салып тұрмақ.

Қымбат Көпбаев, Семей қалалық ТЖБ аға офицері:

-Енді бұл өрт сөндіруші манекенін біздің суретші жұмысшымыз 4 айда, бос уақыты болғанда өзі істеген. + Осы манекен біраз уақыт тұрады деп ойлаймыз. Оған ешқандай ауа райы әсер етпеуі керек.