Алматы полициясы №7 ауруханадан жарылғыш зат іздеп жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 467.58
  • 543.66
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы полициясы №7 ауруханадан жарылғыш зат іздеп жатыр

Алматы полициясы №7 ауруханадан жарылғыш зат іздеп жатыр

Алматы полициясы №7 ауруханадан жарылғыш зат іздеп жатыр. Шұғыл хабарламаны қалалық ІІД баспасөз қызметі жариялады.

  • 4 Желтоқсан 2015
  • 477
Фото - Caravan.kz

Аурухана маңайы қоршауға алынған.

Бүгін таңғы 9-да белгісіз адам кезекші пультына хабарласып, Райымбек пен Әуезов көшелерінің қиылысында орналасқан №7 қалалық клиникалық ауруханада жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлаған.

Қазіргі таңда қаладағы барлық жедел әрекет ету қызметтері медициналық мекемеден азаматтарды қауіпсіз жерге шығарып, ғимаратты тінтіп жатыр.

Сондай-ақ, хабарласқан адамның кім екендігін анықтау бойынша да әрекет жасалып жатыр.