ЕАЭО мен Мексика ынтымақтастыққа мүдделі - kaz.caravan.kz
  • $ 467.58
  • 543.66
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ЕАЭО мен Мексика ынтымақтастыққа мүдделі

ЕАЭО мен Мексика ынтымақтастыққа мүдделі

Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) пен Мексика ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою мүмкіндігі туралы мәселені зерделеуде,

  • 7 Желтоқсан 2015
  • 322
Фото - Caravan.kz

деп хабарлады РИА Новости Еуразиялық экономикалық комиссиясының Интеграцияның негізгі бағыттары және макроэкономика министріне сілтеме жасап.

«Мексикамен меморандумға қол қою мерзімдері әзірге талқыланған жоқ, алайда тәжірибе егер жақсы қатынас жалғасын тапса, бірнеше айдың ішінде болуы ықтимал екенін көрсетеді, бәлкім ол 2016 жылы болуы мүмкін», — деді Валовая.

Оның айтуынша, келіссөз нәтижесінде ЕАЭО Мексикаға меморандум жобасын жіберу жөніндегі уағдаластыққа қол жеткізілді, бұдан кейін оны талқылау басталады.

2012 жылдан бастап Еуразиялық экономикалық комиссия осы мемлекеттер үкіметтерімен комиссия атынан меморандумды пысықтау идеясын  ұсына отырып, барлық латынамерикандық елдермен байланысты қолға алған. «Чили және Перумен меморандумға қол қойылды. Олармен жұмыс тобын құрып, тиісті мәселелерді талқылауды бастадық», — деді Валовая.

Сондай-ақ министр мексикалық делегацияны жыл сайын түрлі интеграциялық бірлестіктермен қатынас қалыптастыру талқыланатын үлкен панелді пікірталасқа негізделген Астана экономикалық форумы және Петербор халықаралық экономикалық форумы сияқты алаңдарға жіберу маңызды деп санайды.